• 1
  • 2
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20

«Үздік портфолио 2022»

67657776575.jpg  Песчан №2 ЖОББМ–де -5-11 сыныптар арасында «Үздік портфолио 2022 » атты мектепішілік байқау өткізілді.

Мақсаты: дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, олардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ дарынды тұлғаның оңтайлы қалыптасуы мен дамуы үшін жағдай жасау.

Байқау туралы ережеде халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық деңгейлер, сондай-ақ шығармашылық жобалар мен спорттық жарыстарға қатысу ескерілген портфолионы бағалау критерийлері жазылған.

Бірінші кезең портфолио қорғау болса, екінші кезең презентациямен таныстырып, оқушылар өз жетістіктерін көрсетті. Әділқазылар алқасы сайысты қорытындылап, бірінші орынды көптеген байқаулар мен сайыстардың жеңімпазы, 10 «А» сынып оқушысы – Жуқан Русия, екінші орынды 9 «А» сынып оқушысы Қоракова Меруерт және 11 «Б» сынып оқушысы Сыздық Мөлдір иеленді, үшінші орынды 10 «Б» сынып оқушысы Семенцова Анастасия мен 10 «А» сынып оқушысы Ануварбекова Амина бөлісті.

7-сынып оқушылары Кулибанова Карина мен Нукушева Әнел «Ең жас талант» номинацияларға, 4 «А» сынып оқушысы Хамидолла Баян «Ең жас жұлдыз» номинациясына, 10 «Б» сынып оқушысы Илья Макушев «Жас зерттеуші» номинациясына иеленді. Жарыс достық жағдайда өтті, жігіттер өз жетістіктерімен қуана бөлісті. Барлық қатысушыларға сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.